Ссылки доступа

Жогорку Кеңештің бюджет комитеті "БАҚ туралы" заң жобасын қараудан бас тартты


Қырғыз парламентінің бюджет, экономика және фискалды саясат жөніндегі комитеті "Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) туралы" заң жобасын қарауды күн тәртібінен алып тастады. Мұндай шешім 22 қаңтарда қабылданды.

Депутаттар бұл заң жобасы міндетті түрде Омбудсмен институтының қатысуымен қаралуы тиіс деп есептейді. Бұдан бөлек журналистердің қатысуы да міндетті деген пікірде.

Жогорку Кеңеште осымен үшінші комитет "БАҚ туралы" заң жобасын қараудан бас тартты.

Аталған заң жобасы парламентке былтыр желтоқсан айында түскен. Құжатты әзірлеген президент әкімшілігі қолданыстағы заң ескірген деп есептейді.

Бірақ елдегі заңгерлер, медиа өкілдері қазіргі заң жобасын "сөз бостандығына, демократиялық дамуға" қауіп төндіреді деп сынап келеді.

Атап айтқанда, аталған заң жобасында мемлекеттік органдар өзіне ұнамайтын БАҚ-ты тіркеуден бас тарта алады, ал тіркелген БАҚ-тың қызметі заңдық негізсіз кез-келген уақытта тоқтатылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG