Ссылки доступа

Қырғыз парламенті «шетел өкілдері туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады


Жогорку Кеңештің конституциялық заңнама, мемлекет құрылымы сот-құқық мәселелері жөніндегі комитеті «шетел өкілдері туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Комитет мүшелері осындай шешімді 23 қаңтардағы отырыста қабылдады.

Депутаттар қызметі «азаматтарға зорлық көрсетуге байланысты» үкіметтік емес ұйым құрғандарға қылмыстық жауап қарастыратын бапқа ғана өзгеріс енгізген. Мұндау жауапкершілік үшін қылмыстық жаза бес жылдан үш жылға өзгертілген. Мұндай ұйымдар жұмысына белсенді түрде қатысқандар 10 жылға емес, 5 жылға бас бостандығынан айрылады.

Жогорку Кеңеш «шетел өкілдері туралы» заң жобасын 2023 жылғы қазанның аяғында бірінші оқылымда қабылдаған. Мұндай заң жобасы 2022 жылы пайда болған. Әуелі отыздан астам депутат құжаттың авторы болғысы келген, кейін олардың қатары сиреген.

Заң жобасының басты авторы - депутат Надира Нарматова.

Осындай заңның қабылдануына халықаралық ұйымдар, жергілікті медиақауымдастық және кәсіпкерлер қауымдастығы қарсы шықты.

XS
SM
MD
LG