Ссылки доступа

Алматыда жер сілкінісі кезінде 70-ке жуық адам медициналық көмекке жүгінген (видео)


23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісінен кейін Алматыда ауруханаға қайрылғандардың саны 67 адамға жетті. Бұл жөнінде Азаттық жергілікті әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.

"Сағат 17:00-ке қарай 67 адам медициналық көмек сұрап қайрылды. Олардың 55-і ересек, 12-сі бала. Қазір тиісті медициналық көмек алып жатыр. Сегіз адам ауруханаға жатқызылып, қалғаны амбулаторлық емделуге жіберілді", - деп жазылған мәлімдемеде.

Ауруханаға түскендердің біріне ота жасалынып, жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланып жатыр.

"Травматология және ортопедия бөліміне жатқызылған екі адамның жағдайы орташа ауыр. Бұдан бөлек алты және жеті айлық екі сәби, 7 және 16 жастағы екі бала да ауруханада жатыр. Бәрі жарақатты үйінен, құлаған кезде алған. Екі сәбидің бірі керуеттен құлаған", - делінген мәліметте.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің ресми сайтында көрсетілгендей, сейсенбіге қараған түні Қытайда бірнеше рет жер сілкініп, олардың магнитудалық күші 7 баллға жеткен.

XS
SM
MD
LG