Ссылки доступа

Депутат Эмил Жамгырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды


Бішкектің Бірінші май аудандық соты Жогорку Кеңештің депутаты Эмил Жамгырчиевті 26 ақпанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Депутат арнайы қызметтің тергеу абақтысында отырады.

10 қаңтарда Жогорку Кеңештің отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев Өзбекстандағы қылмыс әлемінің белсендісі Салим Абдувалиевке жазған делінген хатты көрсеткен.

Онда 10 беттік хат жазып, Қырғызстанда қысымға алынып жатқанын айтып, көмек сұрағаны айтылған.

"Салим Абдувалиев - Өзбекстанның қылмыс әлемінің белсендісі деп ашық айтуымыз керек. Эмил Жамгырчиев одан қолдау іздеп, біздің мемлекет басында отырған адамдарды жамандап, оларға шара қолдануды сұраған. Бұл не деген ақымақтық", - деген Камчыбек Ташиев.

Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев 2022 жылдың желтоқсан айында Ташкентте Салим Абдувалиевпен кездескенін жеткізді. Ол "шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылған қырғыз азаматтары қамауға алынбайды" деп, Эмил Жамгырчиевті ісі сотқа өтсе, сотқа келуге шақырды.

10 қаңтарда Жогорку Кеңеш Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға рұқсат берді.

Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құрылған депутаттық комиссияның төрағасы, депутат Алишер Эрбаев та Эмил Жамгырчиев 2022 жылы "Салимбай байбача" деген лақап атпен танымал Өзбекстан азаматы Салим Абдувалиевтен қолдау алу үшін Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, жолыққанын айтты.

Өзбекстанда 74 жастағы Салим Абдувалиевтің қамалғаны былтыр желтоқсанда белгілі болған.

XS
SM
MD
LG