Ссылки доступа

Қырғызстан СІМ өзбекстандықтар үшін виза рәсімдеу тәртібін түсіндірді


Қырғызстан сыртқы істер министрлігі 25 қаңтарда Өзбекстан азаматтары үшін виза рәсімдеу тәртібін түсіндіру мақсатында мәлімет таратты. Бұның алдында Қырғызстан «визаран» тәртібін жойған.

Министрлік мәліметінше, өзбекстандар жарты немесе бір жылға «Туғандар виза» рәсімдей алады. Визаның мұндай түрі 10 немесе 20 доллар тұрады.

Мекеме құжат алу үшін елден шықпай ақ, «Электронды виза» порталы арқылы өтініш тапсыруға болатынын ескертті.

Қосымша мәлімет алғысы келгендер СІМ-нің Бішкек, Ош және Жалал-Абад қалаларындағы бөлімшелеріне хабарласа алады.

Бұның алдында қырғыз азаматына тұрмысқа шыққан өзбек әйелдері жаңа тәртіпке байланысты қиыншылыққа тап болғанын айтып, Азаттыққа хабарласқан. Қырғызстан шетел азаматтары үшін визасын тәртіпті алып тастаған соң, олар елде тұруды заңдастыра алмай жүр.

Қырғызстанның шекараға жақын ауылдарында аралас некеде тұрған отбасылар көп. Бірақ олардың нақты қанша екенін ешкім айта алмайды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай неке әрбір екінші отбасыда кездеседі.

XS
SM
MD
LG