Ссылки доступа

Өзбекстанда отбасындағы зорлықты насихаттаған вайнерлер 15 тәулікке қамалды


Өзбекстанда отбасындағы зорлықты насихаттайтын видео түсірген вайнерлер 15 тәулікке қамалды.

Шешімді Ташкент қаласы Шайхантохур аудандық соты 27 қаңтарда қабылдаған. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Вайнерлер видеоны Instagram әлеуметтік желісіне жариялаған.

Видеода әйел төркініне қайтып келіп, күйеуі ұрғанын айтқан. Жәбірленуші әкесінен күйеуімен сөйлесуді сұраған уақытта ол қызын кері қайтарып жіберген.

Сот шешіміне сәйкес, Ш. О. мен Р.А. есімді азаматтар «зорлық пен жауыздықты насихаттайтын материал жариялағаны үшін» кінәлі деп танылып, екеуі де 15 тәулікке қамалған.

Қоғам сынына тап болған вайнерлер әлеуметтік желіде халықтан кешірім сұрап, енді мұндай видео түсірмеуге уәде берген.

XS
SM
MD
LG