Ссылки доступа

Сотталған тәжік журналисі Душанбедегі клиникада тексерілді


Завкибек Саидамини
Завкибек Саидамини

Азаттықтың Тәжік қызметі дереккөздерінің хабарлауынша, сотталған журналист Завкибек Саидамини он күн бұрын астанадағы «Истиклол» клиникасына жеткізілген.

Екі түрлі дереккөздің мәліметіне қарағанда, Саидаминидің омыртқасы ауырып, оны тексеру үшін ауруханаға алып келген.

Тәжік журналисін дәрігерлерге көрсету керектігі туралы талапты туыстары қойған. Саидамини клиникада қаралған соң оны колонияға алып кеткен.

Дереккөздердің айтуынша, Завкибектің жүрегі де ауырады. «Алайда тексеру барысында оның жүрегі емес, омыртқасы ауыратыны анықталған. Туыстары оны түрме ауруханасына ауыстыру керек деп есептейді» дейді дереккөз.

Журналистің туыстары Завкибекті ауруханада тексергенін растады, бірақ басқа да мәлімет айтудан бас тартты. Завкибектің бауыры Сино Саидамини түрме басшылығына інісін ауруханаға алып баруға келісім бергені үшін алғыс айтты.

Завкибек Саидаминидің денсаулығы туралы ресми мәлімет жарияланбады.

2022 жылғы қарашада журналист жеті жылға сотталған. Оны тыйым салынған ұйыммен байланыс жасады деп айыптады, бірақ Завкибектің өзі сот үкімі әділетсіз деп есептейді. Ол Душанбедегі колониялардың бірінде әріптестері Абдулло Гурбати және Далер Имомалимен бірге отыр.

XS
SM
MD
LG