Ссылки доступа

Тәжікстан: тәжік блогерлері былтыр 3 млн доллар табыс тапты


Тәжікстанның салық комитеті былтыр тәжік блогерлері 33,5 миллион сомони (3 миллион доллар) табыс тапқанын мәлімдеді.

Ресми мәліметте тәжік блогерлерінің былтыр 2,5 миллион сомони салық төлегені айтылған.

2024 жылдың 1 қаңтарында 91 блогер тіркеуден өткен. Бір жыл бұрын ресми тіркелген блогерлердің саны 60 болған.

Салық комитеті бірқатар блогерлер салық төлемей, кірісін жасырады деп айыптап келген. Комитет олардың аты-жөнін ашық жариялаймыз деп ескерткен.

Тәжікстанда блогерлердің салық төлеуі 2020 жылдан басталды.

XS
SM
MD
LG