Өзбекстанда дәріханалардың дені шағын сауда нүктелері іспеттес. Кәсіпкерлердің кейбірі шағын дәріханаларды тұрғын үйлердің бірінші қабатында, автобус аялдамасында, базарларда ашып, дәрі сатып отыр.
Елде фармацевтиканы бақылаудың қатаң жүйесі – Good Pharmacovigilance Practice (GVP) стандарты енгізілген жағдайда мұндай сауда нүктелерінің көбі жабылып қалуы мүмкін. Себебі жаңа стандарт дәрі-дәрмектерді үнемі бақылауда ұстауды көздейді.
Өзбек үкіметінің мұндай қадамға баруына тұмауға қарсы үнді шәрбатынан 69 баланың өлуі себеп болды.
Елде 2026 жылдан бастап GVP сертификатынсыз дәрі сатуға болмайды. GPP – дамыған елдердің бәрінде бар халықаралық стандарт.