Ссылки доступа

АҚШ-та екі өзбек азаматын алаяқтық жасады деп айыптады


Құрама Штаттарда екі өзбекстандықты көші-қон ережелерін бұзды, алаяқтық жасады деп айыптап жатыр. Олар бірнеше жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлады АҚШ прокуратурасы.

Мәліметтерге қарағанда, АҚШ азаматтығын алған өзбекстандық Абдувосит Разиков (44 жаста) пен өзбек азаматы Дилрабо Обидова (35 жаста) өзара сөз байласып, 16 жыл бойы федералдық органдарға иммиграциялық жеңілдіктре мен америкалық паспорт алу үшін жалған мәлімет беріп келген.

Олар бес жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Разиков АҚШ азаматтымен жалған некеге тұрып, азаматтық алған. Обидова да осындай жолмен иммиграциялық жеңілдіктерге ие болған. Сөйтіп Разиков пен Обидова құпия үйленген. Олар мұндай қатынасын федералдық органдардан жасырған.

XS
SM
MD
LG