Ссылки доступа

Женевада тәжік шенеуніктерінен сотталған белсенді Ульфатхоним Мамадшоева туралы сұрады


Әбдурахмон Аламшозода, Ульфатхоним Мамадшоева және Рангита де Силва де Алвис
Әбдурахмон Аламшозода, Ульфатхоним Мамадшоева және Рангита де Силва де Алвис

БҰҰ әйелдерді шеттетуді жою жөніндегі комитеттің Женевадағы отырысында тәжік шенеуніктерінен сотталған журналист, азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоева туралы сұрады.

31 қаңтарда БҰҰ өкілі Рангита де Силва де Алвис баяндама жасап, «бірнеше азаматтық белсенді қамауда отырғанын, олардың арасында памирлік құқық қорғаушы Ульфатхоним Мамадшоева да бар» екенін айтты. Ол тәжік делегациясынан «Оның және басқа ада азаматтардың ашық сот құқығы қаншалықты сақталды?» деп сұрады.

Тәжікстан ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Әбдурахмон Аламшозода үкімет ұстанымына сай жауап берді. «Ол заңның бірнеше бабын бұзған, әлеуметтік желілер арқылы адамдарды тәртіпсіздікке шақырды» деп мәлімдеді тәжік шенеунігі.

Ульфатхоним Мамадшоева 2022 жылғы жазда Таулы Бадахшан автономиялы облысының басқа да ондаған тұрмындарымен бір уақытта ұсталып, 21 жылға сотталды. Қамауға алынардан бірнеше сағат бұрын белсенді Азаттықтың Тәжік қызметіне сұхбат беріп, ешқандай заң бұзбағанын айтып үлгерді.

БҰҰ комитетінің Женевадағы отырысына Тәжікстаннан үлкен делегация барған. Оны әділет министрі Мұзаффар Ашуриён басқарған.

БҰҰ комитеті бірнеше жылда бір мәрте жиналыс өткізіп, ұйымның әйелдерді шеттетуді жоды көздейтін конвенцияға қосылған елдерден міндеттерін орындауды талап етеді.

XS
SM
MD
LG