Хабарламада оны тәжік әріптесі Сироджиддин Мухриддиннің шақыруымен бара жатқаны айтылған.
Екі елдің сыртқы істер министрі шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселесін қарауы мүмкін.
Таяуда қырғыз президенті Садыр Жапаров Тәжікстанмен шекара мәселесі биыл жазға дейін түпкілікті шешілетінін мәлімдеген.
Шекара бойынша екі елдің үкіметі арасындағы жұмыс тобы процестің 90 % аяқталды деген.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара қашықтығы 972 шақырымды құрайды. 2002 -2020 жылдар арасында 519 шақырымы шешілді.