Ссылки доступа

Ташкент метросында бойжеткенге тиіскен ер адам 5 тәулікке қамалды


Ташкент метросында бойжеткенге тиіскен ер адам бес тәулікке қамауға алынды. Сот отырысы 31 қаңтарда жабық есік жағдайында өтті.

Газета.uz басылымының жазуынша, 30 жастағы М. А. ер адам пойыз вагонында В. А. есімді қызды құшақтап, әлімжеттік жасаған.

Сот процесі кезінде М. А. кінәсін мойындамаған. Ол жұмыс іздеу мақсатында "Чиланзар" станциясына бара жатқанын айтқан. "Пойызда адам көп болды. Ол қатты қозғалғанда, қыз артқа қарай еңкейді. Ол құлап қалмасын деп иығынан ұстап қалдым" деген ер адам.

Алайда бойжеткен ер адамның әдейі істегенін айтады. Пойыз "Буюк ипак йули" ең соңғы аялдамасына келгенде, жолаушылардың бәрі отырғанда, өзіне тиіскен ер адамның соңына дейін отырғанын, сосын артынан жүріп отырып, аңдығанын жеткізген. Зардап шегуші оған ауыр жаза беруін талап еткен.

Ер адам бес тәулікке қамалып, онымен қоса әр күні үшін 15 пайыз есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төлейді.

XS
SM
MD
LG