Ссылки доступа

Бішкектегі ЖЭС-те болған апат салдарымен 850 маман жұмыс істеп жатыр


Бішкектің Жылу электр станциясында болған апат салдарын жою үшін 862 адам жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде елдің төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Оның 82-сі құтқарушы, 780 азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі және 263 құрылыс компаниясының қызметкері.

Қазір су тарту жұмысы аяқталып, жылу беруге байланысты жұмыс жүріп жатыр.

Бішкектегі ЖЭС-те 2 ақпанға қараған түні апат болды. Тұрғындардың көбі жылусыз және ыстық сусыз қалды. Апат кезінде бес адам зардап шеккен. Оның екеуінің жағдайы өте ауыр.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сонымен бірге қырғыз президентінің тапсыруымен жұмыс комиссиясы құрылған.

XS
SM
MD
LG