Ссылки доступа

Тәжікстандықтар Восей ауданында көпірдің құлағанын биліктегі жемқорлықтан көреді (видео)


Тәжікстанда құлаған көпір
Тәжікстанда құлаған көпір

4 қаңтарда Тәжікстанда Восей ауданы Хасан Құрбонов атындағы ауылда көпірдің қалай құлағаны туралы видео әлеуметтік желілерде таралды. Желі қолданушылардың дені мұны елде жемқорлық жайлағанының бір көрінісі деп сипаттады. Көпір ауыр жүк тиелген көлікті көтере алмаған.

«Жүргізушілер мен көлік компаниялары пара беріп, көлікті жүкке аямай толтырады да, миллион құратын көпірді құлады, жолдарды бұзады» деп жазды Азаттықтың Тәжік қызметінің Инстаграмдағы парақшасын оқитын Әмірбек есімді азамат.

Желі қолданушылардың кейбірі көпірдің ескіргенін атап өткен.

Билік жүк көлігі шамадан тыс жүк артқанын, көпір сол себепті құлағанын мәлімдеп отыр. Көлікке шамамен 52 тонна жүк артылған. Енді көпірді қалпына келтіру үшін 1 млн сомони қажет.

Тәжікстанда шетел инвестициясын тарту арқылы жүздеген шақырым жолдар салынған, бірақ олардың дені аз уақыттың ішінде тозып кеткен. Сарапшылар мұның себебін жолдың сапасыздығы мен жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артып жүруімен байланыстырып отыр.

На восстановление моста в Восе потребуется 1 млн сомони
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:54 0:00

XS
SM
MD
LG