Ол 2021 жылы "жала жабу және бопсалау" баптары бойынша айыпты деп танылған. Былтыр желтоқсан айында блогер колониядан жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырылған. Заңға сәйкес, жазасының үштен бірін өтеген және түзелу жолындағы сотталушы жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырылады.
5 ақпанда Каршин аудандық соты блогердің жазасын жеңілдету жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.
Отабек Саттори "Халк фикри" («Халық пікірі») деген telegram және youтube каналдары арқылы танымал. Ол билікті ашық сынап, жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты көтеріп келген.