Ссылки доступа

Amanat партиясы премьер-министр лауазымына президент әкімшілігінің жетекшісі Олжас Бектеновті ұсынды

Парламент мәжілісінің төрағасы, Amanat партиясының басшысы Ерлан Қожанов премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жаңа премьер-министр кандидатурасы сейсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында қаралады деп жоспарланған. Оған президент қатысады.

Бір күні бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдап, үкімет басшысы қызметін уақытша басқаруды вице-премьер Роман Склярға тапсырған.

43 жастағы Олжас Бектенов 2023 жылғы сәуірде президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG