«Үшеуі ІІМ қызметкері. Олардың екеуі Хатлон облысында, біреуі Бадахшанда істеген. Тәжікстан ҰҚМК шекара қызметкерінің бір қызметкері ұсталған» дейді есірткімен күрес агенттігінің өкілі Мукбилшо Муяссар.
Ол ұсталғандардың аты-жөнін атамады. Күдіктілер мен олардың туыстарының мұндай айыптауға қатысты не ойлайтыны белгісіз.
Агенттік өкілінің хабарлауынша, 2023 жылы Тәжікстанда 5 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. 2 тонна 731 кг есірткі Хатлон облысында заңсыз айналымнан шығарылған.