Ссылки доступа

Қырғызстан соты 24.kg агенттігінің шағымын қанағаттандырмады


6 ақпанда Бішкектің 1-май аудандық соты 24.kg ақпарат агенттігінің шағымын қанағаттандырмады.

Адвокат соттан тергеушінің адвокатты агенттік кеңсесін тінту кезінде ғимаратқа кіргізбей қойғанын, журналистерге кеңседе жұмыс істеуге тыйым салғанын, журналистерден мәліметті таратпауды талап еткенін мойындауын сұраған. Сот адвокат шағымдарын жабық сотта қараған.

Судьялар Миран Шерманов пен Турат Бекенов тергеушілер әрекеті заңға сай болған деп есептеп, адвокат шағымын қабылдамай тастаған.

Бұл туралы журналистерге адвокат Нұрбек Сыдықов хабарлады. Ол аудандық соттың шешіміне қарсы Бішкек қалалық сотқа арыздануды көздеп отыр.

6 ақпанда медиақауымдастық пен құқық қорғаушылар ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиевке хат жолдап, «24.kg» ақпарат агенттігінің кеңсесін ашуға рұқсат сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда ҰҚМК қызметкерлері 24.kg агенттігінің Бішкектегі кеңсесіне кіріп, редакцияның құрал-жабдықтарын тәркілеген, агенттік директоры Әсел Оторбаеваны, бас редакторлары Махинур Ниязова мен Антон Лымарды тергеген.

Арнайы қызмет мәліметінше, 24.kg агенттігінің кесесін тінту «соғысты насихаттау» бабы негізінде қозғалған қылмыстық іс аясында жүзеге асқан.

XS
SM
MD
LG