"Жогорку Кеңеш депутаттарын журналистердің ұсталуына байланысты арнайы жұмыс комиссиясын құруды ұсынамын. Егер кінәсіз адамдардың құқығы бұзыла беретін болса, онда біз құқықтық мемлекет болудан қаламыз", - деді журналист.
5 ақпанда Бішкек қалалық соты Temirov LIVE журналистерінің апелляциялық шағымын қараған. Сот алқасы жеті журналистің бұлтарпау шарасын қарап, оларды наурыз айының ортасына дейін қамауда ұстау мерзімін өзгертпеді. Журналистердің өздері кінәсін мойындамайды.
17 қаңтарда Бішкектің 1-май аудандық соты Temirov LIVE тобының бұрынғы және қазіргі 11 қызметкерін екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарған. БАҚ өкілдерін жаппай тәртіпсіздікке үндеді деп айыптап жатыр. Күдіктілер тағылған айыптармен келіспейді.
16 қаңтарда ІІМ Temirov LIVE кеңсесін тінтіп, қызметкерлердің бүкіл техникасын тәркілеген.