Ссылки доступа

Бішкекте милиция қызметкері асылған күйінде табылған


Бішкектің Ботаникалық бағында милиция қызметкері асылған күйінде табылды. Бұл жөнінде Октябрь аудандық ішкі істер бөлімшесі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 5 ақпанда А.Ү. атты қала тұрғыны арызданып, 45 жастағы Ж.Б деген күйеуі 4 ақпаннан бері хабар-ошарсыз кеткенін жазған. Бұл арызға байланысты тергеу ісі басталған.

6 ақпанда күндіз Бішкектің Ботаникалық бағында Ж.Б атты азаматтың денесі асылған күйінде табылған. Денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Тексеру мақсатында сот-экспертизаға берілген.

XS
SM
MD
LG