Ссылки доступа

Худжанд әкімі лауазымы жоғары бір шенеуніктің ұсталғаны туралы сауалға жауап берді

Тәжікстанда Соғды облыстық мемлекеттік қызмет агенттігі басқармасының басшысы Лоик Урунзода бір айдан астам уақыттан бері қамауда отыр. Прокуратура шенеунікті «жалған құжат әзірледі, жерді заңсыз сатты» деп айыптаған.

Урунзоданы қамауға алу туралы шешімді Худжанд қалалық соты шығарды. Сот шешімінде Урунзода қаладағы автомектепке тиесілі жерді көп қабатты үй құрылысына бергені туралы айтылған.

Шенеуніктің ұсталуы көптеген сұрақ туғызды.

Худжанд қаласының төрағасы Фирдавс Шарифзода шенеунік жалған құжат жасады деген айыппен ұсталғанын айтты.

«Тергеу жүріп жатыр. Ол аяқталмайынша ешқандай мәлімет бере алмаймын. Тергеу құпиясы деген түсінік бар. Бірақ оның жер бөлуге қатысы жоғын айта аламын. Қате мәлімет тараған» дейді қала басшысы.

Сот шешімінде жер бөлу жөніндегі шешім 2023 жылғы қарашада қабылданған. Алайда Лоиктің туыстары бұл уақытта ол жұмыс бабымен басқа өңірде жүргенін айтып отыр.

XS
SM
MD
LG