Ссылки доступа

Өзбекстанда мыңдаған адамды қажылықтан елге қайтара алмаған фирма өкілі ұсталды

Өзбекстанда Panorama airways жекеменшік әуе компаниясының шенеунігі ұсталды. Компания азаматтардың Сауд Арабиясына қажылыққа бару-келуін ұйымдастырады.

Компания менеджерінің ұсталғанын 7 ақпанда Бас прокуратура хабарлады.

Бұл фирма Сауд Арабиясында жүрген өзбекстандықтарды елге қайтара алмай қалған. Бірнеше күн бұрын 3 мыңнан астам адам Өзбекстанға оралған.

Прокуратура мәліметінше, компанияның бір өкілі қамауға алынған. Тергеудің басқа да мәліметі әзірге жарияланбай отыр.

Сауд Арабиясына қажылыққа барған мыңдаған өзбекстандық бір апта бойы елге қайта алмай жүрген. 5 ақпанда компания 3 мыңнан астам жолаушы елге жеткенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG