Ссылки доступа

Түркімен тойларында Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндеріне билеуге нұсқау берілген

Түркіменстанда жергілікті билік тұрғындарға той кезінде бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндерін қоюға және плейлисттерден шетел музыкасын алып тастауға тапсырма берген.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, ресми бұйрық жоқ, бірақ бұл нұсқаулар ЗАГС арқылы беріліп жатыр.

"ЗАГС-ке барған жас жұбайларға үйлену тойы ұлттық сипатта өтуі және қандай музыка қойылуы керектігі ескертіледі", - деді Балқан облысындағы дереккөз.

Бұдан бөлек той өтетін мейрамхана иелері әндердің кемінде 80% түркімен тілінде өтетінін қадағалауы тиіс екен.

Таяуда мейрамхана қызметкері түркімен әндерінің репертуарына "Куш депти" түркімен халық биі және Бердімұхамедовтің екі әні енгізілгенін растады.

Бердімұхамедов 2022 жылы президент орынтағын өзінің ұлы Сердарға өткеріп берген. Ол Орталық Азиядағы ең жабық деген елді 15 жыл басқарды.

XS
SM
MD
LG