Ол 7 ақпанла ұлттық "Кабар" агенттігіне берген сұқбатында елде сөз бостандығы бар деді.
"Қырғызстанда сөз еркіндігін шектей алмайсың. Оған жол берілмейді. Қырғызстан ілгеріден сөз еркіндігімен өмір сүріп келген ел. Бұдан әрі де солай болады. Сөз еркіндігі жоқ дегендер – "сөз еркіндігі" деген терминді жамылып, қалағанын істеп келгендер, сөз еркіндігін жамылып, елге бүлік салуды жоспарлап жүрген "жалғанпатриоттар". Егер билік сөз еркіндігіне қарсы әділетсіз қадамдарға барсақ, халық көтеріліп кетеді", - деді президент.
16 қаңтарда "Темиров LIVE" медиасының бұрынғы және қазіргі 11 қызметкерінің үйіне тінту жүргізіліп, өздерін қамауға алған.