7 ақпанда үкімет отырысында президент мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта құруға шақырды.
Мемлекет басшысы қоғамда "жатып ішер" психологиясы орнап қалғанын, көмек тек мұқтаж адамдарға ғана берілуі керек екенін айтты.
Тоқаевтың айтуынша, қазір әртүрлі әлеуметтік көмек алып жатқан 4,5 миллион адам бар. Бұл Қазақстанның әрбір бесінші адамы. Олардың дені толық жұмыс істеуге қабылетті адамдар.
"Әлеуметтік жәрдем береміз деп біз қоғамда үкіметке қол созып қалу психологиясын қалыптастырып алдық. Дамыған елдерде мұндай жоқ. Көмек өз үйі бар, қымбат көлік айдап жүргендерге емес, шын мұқтаж жандарға берілуі тиіс", - деді Тоқаев.