Телеарна қызметкері басшысының үстінен арызданған. Оның айтуынша, 35 жастағы Ш. Х. 27 қаңтарда оны телеарнадағы жұмыс орнына алдап шақырып, бетінен сүйгісі келген.
Жәбірленуші біраздан бері бастығының ерсі қылықтарынан зәбір көріп жүргенін айтып, бас редактордың орынбасарын жауапқа тартуды сұраған.
Сотта ер азамат кінәсін мойындап, осы әрекетіне өкінетінін айтқан. Ол мұндай жағдай енді қайталанбайды деп, соттан үкім шығарар уақытта осы уәдесін ескеруді сұраған.
Сот бас редактордың орынбасарын үш күнге қамау туралы үкім шығарды.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, 2023 жылы 666 адам жыныстық сипаттағы ерсі қылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.