Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі Матраимовтан тәркіленген мүліктер тізімін жариялады

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың жылжымайтын мүлкі мемлекет меншігіне өткенін хабарлады. Бұның алдында Матраимовқа іздеу жарияланғаны мәлім болған.

Арнайы қызмет мәліметінше, мемлекет меншігіне өткен мүліктер құны 34 млн 810 мың доллар (шамамен 3 млрд 98 млн сом) болған. ҰҚМК Матраимовтан тәркіленген мүліктер тізімін де жариялады:

- Бішкек қаласындағы «Бай Таш Tower» тұрғын үй кешені, 16 млн 297 мың доллар;

- Ош қаласындағы «Ихлас» құрылыс компаниясының ғимараты, 7 млн 627 мың доллар;

- Ош облысы Қара-Су ауданындағы «БИМИ Ош Сервис» кеден рәсімдеу фирмасының ғимараты, 4 млн доллар;

- Бішкектегі «Ерем» спорт клубы, 1 млн доллар;

- Бішкектегі кеңсе ғимараты, 2 млн 500 мың доллар;

- Шу облысындағы «Юни Лаб» кеден рәсімдеу фирмасы, 1 млн 286 мың доллар;

- Оштағы «IMPERIAL» ғимараты, 2 млн 100 мың доллар.

Алдын Матрамимовтың 80 млн доллар тұратын мүлкі тәркіленгенін ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тәшиев айтқан. Ал 26 қаңтарда Матраимовқа іздеу жарияланғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG