Ссылки доступа

"Талибан" Өзбекстан мен Тәжікстан алдындағы электр энергиясы бойынша қарызын жапты


Ауғанстанның Ұлттық электр энергетика компаниясы (DABS) Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Иран алдындағы 627 млн доллар қарызын жапты деп мәлімдеді.

Бұл қарыз "Талибан" билікке келгеннен кейін екі жарым жыл ішінде жиналған қаржы болатын. Hasht-e Subh Daily басылымының жазуынша, тиісті ақпаратты тәліптер бақылайтын "Брешно" компаниясының өкілі Хикматулла Мейванди де растаған.

Оның сөзінше, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Иран алдындағы қарызды толық өтеген. Енді тек Ауғанстанның бұрынғы үкіметі басқарған кездегі қарыз ғана қалған.

Ауғанстанға электр энергияны негізінен Иран, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан жеткізеді. Биыл қаңтар айында Тәжікстан мен Ауғанстан бұл сала бойынша өзара келісімді ұзартты.

2022 жылы Ауғанстан Өзбекстан мен Тәжікстанға электр энергиясы бойынша 100 млн доллардан астам қарыз болған.

XS
SM
MD
LG