Хорог қаласының Даштак елді-мекенінде орналасқан бұл жер телімін Ага Хан даму желісі (AKDN) өткен ғасырдың 90- жылдар соңында сатып алған. Таулы Бадахшан автоном облысы прокуратурасы жер телімін беру процесінде заң бұзушылық болғанын мәлімдеген.
"Заңда жер телімдерін шетел және заңдық тұлғаларға беру мерзімі көрсетілген. Жергілікті билік бұл жерді беруде қателіктерге жол берген. Прокуратураның арызы осындай заң бұзуларға байланысты", - деді Мирзозода.
Оның сөзінше, Орталық Азия университетінің бұл бойынша кассациялық арызы қанағаттандырылмады және сот шешімі күшіне енді.
Әзірге бұл бойынша Ага Хан даму желісі пікір білдірмеді.
Осыған дейін Хорог қаласының екі тұрғыны Озоди радиосына 1990 жылдардың соңында Ага Хан қоры олардың үйлерін жер телімдерімен қоса 70-75 мың долларға сатып алғанын құпия түрде айтып, бұл қорға ешқандай дауы жоқ екенін жеткізген.
Орталық Азия университеті 2000 жылы құрылған. Тиісті келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері және ханзаада Карим Ага Хан IV қол қойған. Келісім елдердің парламентінде бекітіліп, БҰҰ-да тіркелген.
Былтыр Хорогтағы Ага Хан лицейі жабылған.
Ага Хан қорына қарайтын Khorog Serena INN мейманханасы да мемлекет қарамағына өткен.
2022 жылы Ага Хан қорына тиесілі Хорог қаласындағы бақ та мемлекет меншігіне өткен.
Бұдан бөлек Aga Khan Medical Centre медициналық орталығы да мемлекет қарамағына өту жөнінде сотқа арыз түскен. Бұл орталықты салуға Ага Хан қоры 25 миллион доллар бөлген.