Ссылки доступа

Өзбекстанда бір айда 7,7 млн доллардың жарығы мен газы ұрланған


Биыл қаңтар айында Өзбекстанда электр қуаты мен газды заңсыз пайдалануға қатысты 995 қылмыс тіркелген. Бұл туралы Өзбекстан энергетика инспекциясы хабарлады.

Мекеме мәліметінше, өткен айда 20 млн 486 мың кВтс электр қуаты мен 47 млн 387 мың текшеметр табиғи газ ұрланған. Соның салдарынан мемлекет 94 миллиард 542 миллион сумға ($7,666 млн) шығындалған.

Өзбекстан энергетика инспекциясының хабарлауынша, елдің барлық өңірлерінде тексеру жүргізіліп, 937 әкімшілік іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG