Ссылки доступа

Ташкентте сақал өсіргендерге қарсы тағы рейд жүріп жатыр

Ташкенттегі "Малика" базары.
Ташкенттегі "Малика" базары.

Халық арасында "Малика" деген атпен танымал Ташкенттегі электроника базарында сақал қоюға қарсы кезекті рейд жүріп жатқаны хабарланды.

Базарда сауда жасайтын кәсіпкерлердің айуынша, соңғы рет 2 ақпанда рейд жүріп, кемінде 10 адам ұсталған. Ұсталғандар Ташкенттің Шайхантахур аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.

– Оларға сақалыңды қырасың, болмаса 15 тәулік түрмеге отырасың деп қорқытқан", - деді кәсіпкерлердің бірі.

"Малика" базарына жауапты инспектор рейд жүріп жатқанын теріске шығарды.

– Жұма намаз кезінде қандай да бір оқиға болып кетпес үшін, аймақты бақылаймыз. Бұл үшін ел бізге ризашылығын білдіреді. Мүмкін сол күндері сақалды ұрылар ұсталса керек, - деді инспектор.

XS
SM
MD
LG