"Былтыр "Группа 24" саяси қозғалысының мүшесі Билол Курбоналиев Германиядан Тәжікстанға депортацияланды. Қозғалыстың бұрынғы мүшесі Низомиддин Насриддинов Беларусьтан Тәжікстанға қайтарылды", - деді Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" ұйымының мүшесі Убайдулло Саиди.
Эмомали Рахмон үкіметіне қауіп туғызған әрбір азамат тыйым салынған саяси ұйымдарды қолдайды деп айыпталып, түрмеге қамалады.
Тәжік оппозициясы өкілінің бірі Алим Шерзамоновтың ұлы Аслиддин Шерзамонов Польшада Орталық Азиядан келгендерге заңдық көмек көрсетіп келген. 10 қаңтарда ол Тересполь қаласында бұл елдің заңдарын бұзды деген айыппен қамалды. Одан Польшадан шығып кетуді талап етіп жатыр.
Оппозиция өкілі Шамсиддин Саидов ұлын бір жылдан бері көрмеді. Абдулло Германиядан депортацияланып, Тәжікстанда 7 жылға еркінен айырылған. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Германия тәжік билігін Абдулло Шамсиддинді абақтыдан босатуға және елден шығып кетуге рұқсат беруге шақыруы керек деп есептейді.
"Адамдардың босқын мәртебесін алу бойынша негізгі құқығын қорғау үшін біз заңсыз миграцияны шектеуіміз керек. Қалуға құқығы жоқтар біздің елден шығып кетуге мәжбүр болады. Бұл жылы депортацияланғандардың саны (2023) былтырғы жылмен салыстырғанда 27% жоғары", - деген Германия ішкі істер министрі Нэнси Фезер.