Ссылки доступа

Тәжік боксшылары Болгариядағы турнирде екі күміс олжалады


Тәжік боксшылары Болгарияда өткен халықаралық «Страндж» турнирінде екі күміс жүлде жеңіп алды.

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнир София қаласында 2-11 ақпан аралығында өтті. Оған әлемнің 28 елінен 261 спортшы қатысты.

Тәжікстан бұл жарысқа тоғыз спортшы алып барды. Олардың екеуі– Асрор Вохидов пен Миджгона Самадова финалға шықты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Асрор Вохидов ақтық сында өзбек боксшысы Әбдумәлік Халоковқа жол берді.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Миджгона Самадова финалда болгар боксшысы Светлана Каменовадан ұтылды.

Страндж кубогы Болгария астанасында 1950 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл жарыстың жалпы есебінде Өзбекстан (14 медаль – 6 алтын, 2 күміс және 6 қола) топ жарды.

XS
SM
MD
LG