Ссылки доступа

Ташкенттің лас ауасы қалыпты межеден 14,5 есе асып кетті


12 ақпанда сағат 11:00-де Өзбекстан астанасында ауадағы лас PM2,5 бөлшектер қалыпты межеден 14,5 есе асып түскен.

IQAir (Live most polluted major city ranking) порталының мәліметінше, бұл жолы Ташкенттегі бақылау станциясы 160 AQI нәтижесін тіркеген. Дүйсенбі күні сағат 09:00-де станция 164 AQI көрсеткішін анықтаған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген қалыпты межеден 16 артық көрсеткіш.

Қазіргі таңда Ташкент әлемдегі ең лас қалалар тізімінде 11-орында тұр.

Салыстырар болсақ, бұл тізімде Астана 34-орында, Бішкек 48-орында тұр.

Бұның алдында жергілікті ақпарат құралдары Өзбекстан билігі экология мәселелерін шешуді көздейтін шаралар қабылдап жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG