Ссылки доступа

"Док-1 Макс" ісі: фармагенттіктің бұрынғы басшыларына 18 жыл жаза сұрады


Ташкент қалалық сотында жөтелге қарсы "Док-1 Макс" сиробын ішкен балалардың өлімі бойынша өтіп жатқан сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды.

12 ақпандағы отырыста прокурор соттан Фармацевтикалық саланы өндіру агенттігінің бұрынғы директоры, Экспертиза және дәрі-дәрмекті, медициналық техникаларды стандарттау бойынша мемлекеттік орталықтың бұрынғы жетекшісі Сардор Кариевті және оның екі орынбасарын 18 жылдан бас бостандығынан айыру, сонымен бірге үш жыл жауапты қызметтерде істеуге тыйым салуды өтінді.

Бұдан бөлек мемлекеттік айыптаушы Quramax Medikal компаниясының бұрынғы директоры Рагвендра Пратар үшін 20 жыл жаза мерзімін сұрады. Сотталушылардың әрбірінен сироп ішіп қаза болған 69 баланың және жарақат алған 16 баланың жақындарының әрбіріне 100 миллион сумнан (8,4 миллиард сум), жеңіл жарақат алған екі балаға 20 миллион сумнан өтемақы өндіріп беруді өтінді.

Өзбекстанда үндістандық Marion Biotech фармацевтикалық компаниясы өндірген "Док-1 Макс" сиробын ішкеннен кейін қаза болған 69 баланың өлімі бойынша сот отырысы былтыр 11 тамызда басталған.

XS
SM
MD
LG