Ссылки доступа

Тәжікстанда ондаған адам лотереядан ұтқан бәйгелерін ала алмай жүргенін айтады


Тәжікстанның ондаған тұрғыны Facebook және Telegram-бот арқылы "Хуршеди Кухистон" деп аталған лотерея билеттерін сатып алып, ұтқан бәйгелерін ала алмай жүргенін айтады.

Онда пәтер, көлік және басқа да бағалы заттар тігілгені хабарланған.

Душанбе тұрғыны Нигина Гоибоева 10 қаңтарда 375 сомониге билет сатып алған. Бірнеше күннен кейін "Хуршеди Кухистон" WhatsApp арқылы 5,5 мың сомони ұтып алғанын айтып, ақшаны 29 қаңтарға дейін аударамыз деп уәде еткен.

Бірақ ертесіне "Хуршеди Кухистон" "лотерея ойнау қызметі уақытша тоқтатылды" деп мәлімдеме таратқан. Нигина Гоибоеваға "компания мүлкін мемлекет тәркілегенін, түскен қаражатты балалар үйіне аударғанын" жеткізген.

Сол секілді Олимжон Махмудов та 350 сомониге билет сатып алған. Оған 3,5 мың сомони ұттың деп хабар берген.

Тәжікстанның ІІМ лотерея жөнінде ешқандай хабары жоқ екенін білдірді.

Озоди журналистері "Хуршеди Кухистонның" Facebook парақшасы "Охунзода Сабохуддин" деген атаумен 2021 жылы ашылып, кейін атауын өзгерткенін анықтады. 2022 жылы "Сабирён" қайырымдылық қоры атынан мүгедектерге жәрдем береміз деп ақша жинап келген.

Журналистердің зерттеуінен кейін "Хуршеди Кухистон" парақшасының иесі қаржы министрлігінің 2023 жылдың 5 қарашасындағы лотерея өткізуге рұқсат берген куәліктің көшірмесін жариялады. Онда "Хуршеди Кухистондун" иесі ретінде Охунзода С. деп көрсетілген.

XS
SM
MD
LG