Ссылки доступа

Еуроодақтың Орталық Азия және Ауғанстан жөніндеші арнайы өкілдері Қырғызстанға келді


Еуроодақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Тери Хакала мен Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Томас Никлассон Бішкекке келді. Бұл туралы ЕО-ның Қырғызстандағы өкілдігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, олар билік өкілдерімен, азаматтық белсенділермен кездеседі.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ЕО мен Орталық Азияның Ауғанстан жөніндегі басқосуы 14 ақпанда өтеді.

Бұның алдында халықаралық Human Rights Watch ұйымы шетелдің Ауғанстанға көмегі азайғанын, елде денсаулық сақтау жүйесі қиын жағдайға тап болғанын хабарлаған. Ауғанстанда ауру көбейген, халық аш.

Халықаралық қауымдастық пен ұйымдар 2021 жылы билікке тәліптер келгеннен кейін Ауғанстанға көмекті күрт қысқартқан.

XS
SM
MD
LG