Сот онлайн түрде өтті. 13 мамырдан бері қамауда отырған Сембай сотқа қосылмады, туыстарының айтуынша, олар соттан белсендіні отырысқа қатыстыруды сұраған.
Былтыр желтоқсанда Асқар Сембай "ҚДТ қозғалысының жұмысына (Қазақстан билігі қозғалысты 2018 жылы "экстремистік ұйым" деп таныған ) араласты", "билікті басып алуға үгіттеді" деген айыппен алты жылға сотталды. Сот оның белсенділікпен айналысуына бес жылға тыйым салды.
Сембай 2019 жылдан бері бейбіт жиындарға шығып, билікті ашық сынаған. Онысы үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған. Белсенді өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.
Астана қалалық соты 13 ақпанда белсендінің сот үкіміне қатысты апелляциялық шағымын қарап, бұрынғы шешімді күшінде қалдырды.