"Өткен айда коррупцияны зерттеген Temorov Live басылымының журналистері жаппай қамалғаннан кейін Орталық Азиядағы танымал Kloop медианың жабылуы — Қырғызстан билігінің зерттеу журналистикасы орталығын жоюды көздеп жатқанын білдіреді. Қырғыз билігі Kloop медиаға және басқа еркін ақпарат құралдарына жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беріп, сөз бостандығына қарсы қысымды тоқтатуы керек", - деп мәлімдеген ұйымның Еуропа және Орталық Азиядағы үйлестірушісі Гульноза Саид.
9 ақпанда Бішкектің Октябрь аудандық соты Kloop Media басылымын жабу шешімін шығарған. Kloop медианың бас редакторы Анна Капушенко басылым апелляция арызын қарағанша, ісін жалғастыра беретінін жеткізді.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров елде сөз еркіндігі бар екенін қайталап келеді.