Cabar.asia аналитика порталы репортажында 2023 жылдың сәуіріне қарата Тәжікстанда 577 мыңнан астам көлік тіркелгенін жазған. Басылым мәліметіне сәйкес, егер көліктерден төлем алынса, ел бюджетіне шамамен 1 млрд сомони (91 миллион доллар) түсуі керек.
Бұл бюджет кірісінің 2,3% құрайды.
Былтыр желтоқсанда парламент депутаттары көлік құралдарын утилизациялау үшін міндетті төлем енгізу туралы заң қабылдаған.
Салық сомасы мотоциклдерге 360 сомони, жеңіл көліктерге 1584 сомони, жүк көліктеріне және арнайы техникаларға 2880 сомониды құрайды. Бұл бір жолғы төлем болып есептеледі.
Жүргізушілердің айтуынша, бұл салық көпшілік үшін көп.