Ссылки доступа

Бұхарадағы кафелердің бірінде Taftish.uz журналисін пышақтап кетті


Өзбекстанда Taftish.uz ақпарат агенттігінің Бұхарадағы тілшісі У.Т.-ға пышақпен шабуыл жасалды. Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға биыл 6 ақпанда Бұхара облысы Шафиркан ауданындағы кафелердің бірінде болған. Журналист пен оның А. А. есімді танысы ерегісіп, екіншісі У.Т.-ның ішіне пышақ сұққан. Жәбірленуші ауруханада хатыр.

Прокуратура қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG