Ссылки доступа

Райымбек Матраимовтың Оштағы үйіне мөр басылды

Ош қаласында кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары, іздеуде жүрген Райымбек Матраимовтың отбасына тиісті үйдің дарбазасына Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚМК) мөр басып кетті.

Қазір арнайы қызмет тергеушісінің қолы қойылған қағаз дарбазада жапсырылып тұр. Бұл туралы Азаттықтың тілшісі оқиға орнынан хабарлады. Үй Ош қаласы Супаналиев көшесінде орналасқан.

Матраимов өзі және оның туыстары бұл бойынша пікір білдірген емес.

Матраимовқа тиесілі деп атылған Оштағы JAMBY бизнес орталығы да жақында жабылып, қайта ашылғаны туралы сол жерде жұмыс істейтін адамдар айтқан.

Биыл қаңтар айында Райымбек Матраимовке іздеу жарияланған. Оған "Еркіндігінен заңсыз айыру" бабының "Ұйымдасқан топ және қылмыстық ұйымдар тарабынан адамды күшпен қамау, оның еркіндігін шектеу" бөлігімен айып тағылған.

Өткен аптала арнайы қызмет Райымбек Матраимовтың 34 млн 810 мың 500 долларлық (3 млрд 98 млн 134 мың сом) жылжымайтын мүлкі мемлекет меншігіне алынғанын білдірген.

Былтыр ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев Райымбек Матраимовты және қайтыс болған қылмыс әлемінің белсендісі Камчы Көлбаевты елді "мафия құрды" деп айыптаған.

2021 жылы Райымбек Матраимов коррупция бойынша айыптаған. Ол кінәсін мойындап, мамлекетке 2 миллиард сом төлеген.

XS
SM
MD
LG