Ссылки доступа

Тәжікстан былтыр 110 млн долларға электр энергиясын экспорттады


Тәжікстанның Статистика агенттігі былтыр 110 млн долларға электр энергиясын экспорттағанын, бұл 2022 жылдағы көрсеткіштен 4% көп екенін білдірді.

Мекеме басшысы Жамшед Нұрмахмадзоданың айтуынша, 2023 жылы Тәжікстан электр энергиясын Ауғанстанға, Өзбекстанға және Қазақстанға сатқан.

"Барки точик" энергохолдингі былтыр 2,6 миллиард кВ/сағат электр энергиясын экспорттағанын жеткізген. Оның 1,6 миллиард кВ/сағаты Ауғанстанға, қалғаны Өзбекстан мен Қазақстанға сатылған.

Бұдан бөлек Тәжікстан былтыр Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18,6 миллион кВ/сағат электр энергиясын сатып алған.

XS
SM
MD
LG