Гүлістанда уақытша тұратын 33 жастағы әйел биыл 30 қаңтарда туған баласын 40 мың долларға сатпақ болған уақытта ұсталған.
Термезде 30 жастағы тағы бір әйел жаңа туған қызын 25 млн сумға ($2 мың) сатпақ болған. Ол ақша алу кезінде ұсталған.
Ташкент облысында Шыршықтың 26 жастағы тұрғыны алты жастағы баласын 3 мың долларға сатып жатқан уақытта ұсталған.
Наманганның 29 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы баласын 18 мың долларға саудалап, 4 мың доллар аванс алып жатқан уақытта қолға түскен.
Төрт әйелдің үстінен «адам саудалау» бабы негізі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.