Бұл туралы Жоғарғы соттың төрағасы Шермухаммад Шохиён 15 ақпандағы баспасөз конферениясында хабарлады. Ол сот ашық өтіп жатқанын, бірақ тергеу абақтысы жабық мекеме болғандықтан, оған бәрі кіре алмайтынын айтқан. Бұған қоса, сот осы іске қатысты үкімді жақын күндері шығаратыны мәлім болды.
Кітап авторының үстінен қозғалған іс бойынша сот 19 қаңтарда басталған. Сол кезде сот өкілі «журналистер сотқа кірмейтінін» айтқан.
«Хаводиси рузгори ман» кітабының авторы Абдухалил Холикзода 2023 жылғы 7 тамызда ұсталған. Артынша танымал қаламгер, әдеби сыншы Абдукодир Рустам қамауға алынған. Бас прокуратура оны даулы кітапты редакциялады деп хабарлаған.
Кәсіпкер ұсталғаннан кейін елдегі кітап дүкендерінен даулы кітапты жинап әкеткен. Біраз уақыттан соң осы кітап басылған «Эр-Граф» баспаханасының директоры Сухроб Раджабзода ұсталған.
Үшеуіне де араздық туғызды деген айып тағылған. Олар бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін.
Шенеуніктердің кейбірі кітап авторын «ішкі жау» деп атаған. Ал оппозицияның шетелдегі өкілдері кітап авторын қудалаған билікті айыптап, мұны Тәжікстанда сөз еркіндігін шектеп жатқанының айқын көрінісі деп сипаттаған.