Ссылки доступа

Мәскеу өзбек ректорының мәлімдемесінен соң Өзбекстан елшісіне наразылық білдірді


Шерзодхон Кудратхожа.
Шерзодхон Кудратхожа.

Ресей сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның Мәскеудегі елшісі Ботиржон Асадовқа наразылық білдірді. Бұған Өзбекстан журналистика университетінің ректоры Шерзодхон Кудратхожаның мәлімдемесі себеп болған. Ректор Өзбекстанда тұрып, өзбек тілін білмейтін адамдарды сынаған.

Ресей СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеу өзбек ректоры Шерзодхон Кудратхожаның мәлімдемесін «кісінің ар-ұжданына тиетін сөздер» деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, Шерзодхон Кудратхожа Кирилл Альтманға берген сұхбатында Карл Маркстың айтқандарын еске салып, өзі тұрып жатқан елдің тілін екі адам – не ақымақ, не жаулаушы ғана білмейді деп мәлімдеген.

«Олар жаулаушы, не ақымақ екенін өздері таңдасын» деген Шерзодхон Кудратхожа.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі әзірге ректордың мәлімдемесіне қатысты ұстанымын жарияламады.

Бұның алдында Ресейде үгіт-насихат жүргізушілер Өзбекстанға қарсы бірнеше мәлімдеме жасаған.

Мәселен, 2023 жылғы 21 желтоқсанда Өзбекстан СІМ ресейлік елші Олек Мальгиновты шақыртып, «Справедливая Россия – За правду» партиясының тең төрағасы Захар Прилепиннің мәлімдемесін сынаған. Партия өкілі көпшілік алдында өзбек жерлерін Ресейге қосып алу туралы ұсыныс тастаған.

49 жастағы Шерзодхон Кудратхожа үкіметке жақын шенеуніктердің бірі. Кезінде ол Шавкат Мирзияев үкіметінің баспасөз қызметінде істеген.

XS
SM
MD
LG