Ссылки доступа

Тәжікстан билігі Кулябтағы жарылысты теракт деп атады


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі биліктің Халықтық-демократиялық партиясының Кулябтағы өкілдігінің қызмет көлігінің жарылуын теракт деп атады.

15 ақпанда Тәжікстан ІІМ басшысы Рамазон Рахимзода "ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырғаны" деп атады. Бірақ нақты ешкімнің атын айтпады.

Министр бұл оқиға бойынша күдіктілер ұсталды, тергеу жүріп жатыр деді.

Озоди радиосы дереккөзінің мәліметінше, ұсталған күдіктінің үйінен "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының жалауы табылған.

"Ұсталғандардың сыныптасының бірі "Хорасан" ұйымына кіреді. Ол қазір Ауғанстанда. Ұсталғандармен байланыста болған", - деген дереккөз.

Бірақ ұсталғандардың бірінің туыстары Озоди радиосына хабарласып, өзінің пікірін айтқан.

"Ол мүлдем намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын. Ол сақал өсірмеді, дін жайында мүлдем айтпайтын. Оның қандай да бір террористік ұйымға мүше болды дегеніне сенбеймін", - деді ол.

5 қаңтарда Кулябтағы Халықтық-демократиялық партиясы филиалының басшысы Салим Сайвализоданың көлігі үйінің жанында тұрған кезде жарылып кеткен. Оның өзі аяғынан жарақат алған. Көліктен жарылғыш заттың қалдықтары табылған.

XS
SM
MD
LG