Ссылки доступа

Тәжікстан: журналист Анора Саркороваға қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі журналист Анора Саркороваға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Анора Саркорова осыған дейін Озоди радиосына сұқбат беріп, анасын полицияға шақырып, қызының үстінен қылмыстық іс қозғағанын мәлімдегенін айтқан.

Озоди радиосының дереккөзінше, журналистке қатысты "экстремизмге жария шақырды, экстремизмді ашық насихаттады" деген бап бойынша іс қозғалған.

Анора Саркорова BBС орыс қызметінің бұрынғы журналисі. Оның күйеуі Рустам Джони "Имруз" радиосы және газетінің редакторы болған. Олар 2022 жылғы Бадахшандағы қанды оқиға туралы көптеген материалдар жариялаған.

2023 жылдың басында Прагада тұрып жатқан Рустам Джониға қатысты "экстремизм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өзінің кінәсін мойындамайды.

XS
SM
MD
LG