Ссылки доступа

Ақтауда болған өрттен екі өзбек азаматы жарақат алды


13 ақпанда Ақтаудағы дөңгелек жөндейтін орында болған өрттен екі өзбек азаматы жарақат алды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметінше, өрт туралы мәлімет кешкі 21:40 шамасында түскен. Өрт үш сағатта өшірілген. Қазір өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.

Жергілікті басылымдар екі өзбек азаматы жарақат алды деп жазды. Олардың бірі 60%, екіншісі 70% күйік алған.

Олар қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайы ауыр дейді.

XS
SM
MD
LG